Париж-2024: тағы екі қазақстандық дзюдошы жарыс жолынан шығып қалды

Абылайхан Жұбаназар келесі айналымға өте алмады
Sputnik
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.
Ерлер арасында 81 келіде сынға түскен ол бірінші кезеңде венгриялық Атилла Унгвариге есе жіберді.
Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, қарсылас маңызды ұпайды алып кетті.
Осылайша, Жұбаназар келесі айналымға өте алмады.
Сондай-ақ қазақстандық дзюдошы Эсмигул Куюлова да Париж Олимпиадасының бірінші кезеңінде жеңіліп қалды.
63 келіде сынға түскен Куюлова бірінші белдесуде австриялық қарсыласы Любиана Пловесанаға есе жіберді.
Әзірге қазақстандық дзюдошылар еншісінде бір алтын, бір қола жүлде бар.
Кеше 29 шілдеде Данияр Шамшаев (73 келі) өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошевтен жеңіліп, Олимпиаданы аяқтаған еді.
Париж Олимпиадасы: қазақстандық дзюдошы жарыс жолынан шығып қалды