Париж-2024: тағы екі қазақстандық дзюдошы жарыс жолынан шығып қалды

Абылайхан Жұбаназар Олимпиада ойындарындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды
Абылайхан Жұбаназар Олимпиада ойындарындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2024
Жазылу
Абылайхан Жұбаназар келесі айналымға өте алмады
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.
Ерлер арасында 81 келіде сынға түскен ол бірінші кезеңде венгриялық Атилла Унгвариге есе жіберді.
Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, қарсылас маңызды ұпайды алып кетті.
Осылайша, Жұбаназар келесі айналымға өте алмады.
Сондай-ақ қазақстандық дзюдошы Эсмигул Куюлова да Париж Олимпиадасының бірінші кезеңінде жеңіліп қалды.
63 келіде сынға түскен Куюлова бірінші белдесуде австриялық қарсыласы Любиана Пловесанаға есе жіберді.
Әзірге қазақстандық дзюдошылар еншісінде бір алтын, бір қола жүлде бар.
Кеше 29 шілдеде Данияр Шамшаев (73 келі) өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошевтен жеңіліп, Олимпиаданы аяқтаған еді.
Қазақстандық Данияр Шамшаев Париж Олимпидасында бірінші айналымда ұтылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2024
Париж Олимпиадасы: қазақстандық дзюдошы жарыс жолынан шығып қалды
Жаңалықтар
0