Париж Олимпиадасы: қазақстандық дзюдошы жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстандық Данияр Шамшаев Париж Олимпидасында бірінші айналымда ұтылды
Қазақстандық Данияр Шамшаев Париж Олимпидасында бірінші айналымда ұтылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2024
Жазылу
Шамшаев үш ескерту алғаннан кейін жарыстан шығарылды
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Қазақстандық Данияр Шамшаев Париж Олимпидасында бірінші айналымда ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бірінші айналымда Шамшаев өзбекстандық Муруджон Юлдашевпен кездесті. Негізгі уақытта қазақстандық дзюдошы екі рет ескерту алды. Ал жекпе-жектің аяқталуына санаулы секунд қалғанда екеуіне де шидо берілді. Шамшаев үш ескерту алғаннан кейін жарыстан шығарылды. Осылайша, 73 келі салмақта өнер көрсетіп жүрген споршымыз бірінші айналымнан өте алмады.
Айта кетері, бұған дейін 60 салмақта Елдос Сметов Олимпиада алтынын жеңіп алса, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болды.
Дзюдоист Гусман Кыргызбаев на Олимпиаде 2024 в Париже - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2024
Ғұсман Қырғызбаев - Париж олимпиадасының қола жүлдегері
Жаңалықтар
0