АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Австралиядағы Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің ғалымдары көк шайдың адам жүрегі үшін ең пайдалы сусын екенін анықтады. Зерттеу нәтижесі Current Developments in Nutrition журналында жарияланды, деп хабарлады The Sun газеті.
Ғалымдар шай, кофе, алкоголь, сода, энергетиктер мен жеміс шырындарының ағзаға әсерін зерттеді. Көк шай жүрекке пайдасы мол жалғыз сусын болып шықты.
Ұзақ уақыт бойы шай ішкен адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруларынан кенеттен қайтыс болу қаупі 19%-ке төмендеген.
Ғалымдар шай жапырақтарында антиоксидант ретінде әрекет ететін полифенол бар екенін атап өтті. Олар қандағы зиянды заттарды шығаруға көмектеседі. Бұл жасушаларды зақымданудан қорғайды, сонымен қатар күйзелісті төмендетіп, зат алмасуды жақсартады.
Кофе де жүрек ауруының қаупін азайтады, бірақ ер адамдар үшін ғана пайдалы.
Ал газдалған және алкогольді сусындар жүрек ауруының қаупін арттырады.