Қоғам

Қатерлі ісік пен диабеттен құтқарады – ғалымдар ағзаға пайдалы өнімді атады

CC0 / Steve Buissinne / Диабет
Диабет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Испандық ғалымдар сүт қауіпті аурулардан сақтайтынын дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде — Sputnik. Гранад университеті мен Мадридтегі Комплутенсе университетінің ғалымдары дертке шалдықпас үшін сүт өнімдерін жеп-ішу керек екенін айтады, деп хабарлайды РИА Новости.

Мамандар сүттің мұндай қасиетіне қатысты 14 жұмысты сараптаған. Нәтижесінде йогурт сынды майлы емес сүт өнімдерін қолдану екінші типтегі диабеттің, колоректальді рак, қуықтың қатерлі ісігі мен метаболикалық синдромның даму қаупін азайтатыны анықталды.

Сондай-ақ, сүттің омыртқаны қатайтатыны белгілі болды. Алайда ағзасы лактозаны қабылдамайтын адамдар да бар. Бірақ олар казеинді қабылдай алады.  

Мұндай адамдарға ірімшік, йогурт, айран сынды сүт өнімдерін пайдалануға кеңес беріледі.

Тағы оқыңыз:  Фастфудтың біз білмейтін зияны анықталды

Ғалымдар қауіпті дерттердің алдын алу үшін майлылығы аз сүт өнімдерін қолдану керектігін ескертеді.

"Сүттің орташа майлылығы - 2,5% болуы керек. Ірімшіктікі 5 пен 9 процент шамасында. Осы майлылық сақталса, сүт өнімдері пайдалы болып, ағзаға кальций сіңетін болады"- дейді мамандар.

Жаңалықтар
0