Шиенің денсаулыққа қандай пайдасы бар

Шиенің денсаулыққа қандай пайдасы бар
Sputnik
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Шие – дәмді тағам ғана емес, сонымен қатар пайдалы қоректік заттардың қайнар көзі. Диетологтар бұл жидектің денсаулыққа пайдасы туралы айтты, деп хабарлады "Чемпионат".
Диетолог әрі нутрициолог Шелли Баллстың айтуынша, шие С дәрумені мен калийге бай, бұл ағзаға қажетті қоректік заттардың күнделікті нормасының 10%-дан астамын қамтиды. С витамині иммунитетті сақтауда маңызды рөл атқарады, ал калий бұлшықет, қан айналымы және жүйке жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Кардиолог-диетолог Мишель Рутенштейн шиеде қабынуды азайтып, жасушалардың зақымдалуымен күресу арқылы жүректің жалпы жұмысын жақсартатын антиоксиданттар көп екенін атап өтті.
Әдетте, шиенің түсі неғұрлым қошқыл болса, соғұрлым олардың құрамында полифенол мен антиоксидант көп болады.
Жидек ұйқыны жақсартуға көмектесетін мелатонинге де бай. Онда ас қорыту жүйесі мен ішек микробиомасын реттейтін жасұнық мол. Сондай-ақ қандағы қант деңгейін реттеуге көмектеседі және тамақтанғаннан кейін тоқтық сезімін күшейтеді.
Диетолог тамырда қанның ұйып қалуына әкеп соқтыратын тағамдарды атады