Диетолог тамырда қанның ұйып қалуына әкеп соқтыратын тағамдарды атады

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2023
Жазылу
Тәттілер мен бұршақтарды көп мөлшерде тұтыну тромбозға әкелуі мүмкін, деп атап өтті дәрігер
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Диетолог Михаил Гинзбург қанды қоюландыратын және тамырда қанның ұюып қалуына әкеп соқтыратын тағамдарды атады. Оның айтуынша, тәттілерді, субөнімдерді (сойылған малдың ішкі ағзалары және кейбір бөліктері), бұршақдақылдарыназ мөлшерде тұтыну керек.
"Жануарлардың бауыры, бүйрегі мен жүрегі гемоглобинді көбейтіп, қанның қоюлануына әсер етеді. Өсімдік ақуыздарына бай үрмебұршақ (фасоль) пен асбұршақ (горох) та қанның тұтқырлығын арттырады", - деді дәрігер aif.ru сайтына берген сұхбатында.
Ал жаңа піскен нан, ақ нан және кондитерлік өнімдер қандағы глюкоза деңгейін көтеріп, ұйыған қанның пайда болуына әкелуі мүмкін.
Дәрігер кейбір сусындардың зияны туралы да еске салды. Атап айтқанда, газдалған сусын, пакеттелген шырындар, морстар, тұздалған сусындар және алкоголь қанды қоюландырады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2023
Дәрігер ақ шаштың ерте жаста пайда болу себебін айтты
Жаңалықтар
0