АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Қостанай облысында авторлық қадағалау тобының жетекшісі медициналық нысандарды салушылардан 9 млн теңге пара алған, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
"Ол "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салатын компанияның бас инженерінен орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 000 000 теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған", - делінген хабарламада.
Күдікті қолма-қол ақша алған кезде ұсталды.
"Заңсыз сыйақы мөлшері медициналық объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1%-ін құрайды", - деп толықтырды ведомство.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.