Шалқарда білім бөлімінің басшысы 18 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

© Sputnik/Ертай СарбасовАнтикоррупционная служба. Здание в Алматы
Антикоррупционная служба. Здание в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2024
Жазылу
Ол мектеп директоры арқылы ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан пара талап еткен
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы білім бөлімінің басшысы 18,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Қылмыстық істі өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатыр.
"Ол аудандық жалпы білім беретін орта мектептің директоры арқылы қызметте қамқорлық жасағаны үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан жалпы сомасы 18,5 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды", - деп жазылған хабарламада.

Сот білім бөлімінің басшысы мен мектеп директорын қамауға алуға санкция берді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Молоток судьи суд приговор - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2024
АШМ Балық шаруашылығы комитетінің басшылары сотталды
Жаңалықтар
0