Қостанай облысында 9 млн теңге пара алған шенеунік ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, деньги, купюры, банкноты
Тенге, деньги, купюры, банкноты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2024
Жазылу
Күдікті қолма-қол ақша алған кезде қамауға алынды
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Қостанай облысында авторлық қадағалау тобының жетекшісі медициналық нысандарды салушылардан 9 млн теңге пара алған, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
"Ол "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салатын компанияның бас инженерінен орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 000 000 теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған", - делінген хабарламада.
Күдікті қолма-қол ақша алған кезде ұсталды.
"Заңсыз сыйақы мөлшері медициналық объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1%-ін құрайды", - деп толықтырды ведомство.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Антикоррупционная служба. Здание в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2024
Шалқарда білім бөлімінің басшысы 18 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0