АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Ақтөбеде ер адам бірнеше адамға тап берді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиға әлеуметтік желіде тарап, үш адамның жараланғаны айтылған.
"Оқиға туралы хабарлама келіп түскеннен кейін дереу полиция жасағы жіберіліп, заңсыз әрекет тоқтатылды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - дейді ведомство.