https://sputnik.kz/20240627/auyldasyna-birneshe-ret-pyshaq-suqqan-kudikti-koreyadan-ekstraditsiyalandy-45266290.html
Ауылдасына бірнеше рет пышақ сұққан: күдікті Кореядан экстрадицияланды
Ауылдасына бірнеше рет пышақ сұққан: күдікті Кореядан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Ол сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін 27.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-27T16:26+0500
2024-06-27T16:26+0500
2024-06-27T16:26+0500
оңтүстік корея
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_0:160:3075:1890_1920x0_80_0_0_45e169df0dc2db6971df2ff8d6950af1.jpg
АЛМАТЫ, 27 маусым – Sputnik. Қазақстанда кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінген адам Кореядан экстрадицияланды, деп хабарлайды бас прокуратура.Бас прокуратура мен ҚР ІІМ интерполының қызметкерлері Қазақстанның Кореядағы елшілігінің көмегімен күдіктіні экстрадициялады.Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Корея Республикасының аумағында жасырынып жүрген."Биыл маусымда ол Кореяда ұсталды. Қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. Мұндай қылмысты жасағаны үшін сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", - дейді бас прокуратура.Айта кетері, күдіктіні экстрадициялау Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы 2003 жылғы 13 қарашадағы ұстап беру туралы шарттың арқасында жүзеге асты.
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_c3efff6f4e777575dd972e23bb5364fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оңтүстік корея
Ауылдасына бірнеше рет пышақ сұққан: күдікті Кореядан экстрадицияланды
Ол сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АЛМАТЫ, 27 маусым – Sputnik. Қазақстанда кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінген адам Кореядан экстрадицияланды, деп хабарлайды бас прокуратура.
Бас прокуратура мен ҚР ІІМ интерполының қызметкерлері Қазақстанның Кореядағы елшілігінің көмегімен күдіктіні экстрадициялады.
"Күдікті 2022 жылдың наурызында Түркістан облысының Сауран ауданында ауылдасымен жанжалдасқан. Төбелес кезінде күдікті қарсыласының кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды", - дейді ведомство.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Корея Республикасының аумағында жасырынып жүрген.
"Биыл маусымда ол Кореяда ұсталды. Қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. Мұндай қылмысты жасағаны үшін сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", - дейді бас прокуратура.
Айта кетері, күдіктіні экстрадициялау Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы 2003 жылғы 13 қарашадағы ұстап беру туралы шарттың арқасында жүзеге асты.