Ақтөбеде ер адам көшедегі адамдарды жарақаттады

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото мужчины, показывающего кулак
Архивное фото мужчины, показывающего кулак - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2024
Жазылу
Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Ақтөбеде ер адам бірнеше адамға тап берді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиға әлеуметтік желіде тарап, үш адамның жараланғаны айтылған.
"Оқиға туралы хабарлама келіп түскеннен кейін дереу полиция жасағы жіберіліп, заңсыз әрекет тоқтатылды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - дейді ведомство.
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2024
Ауылдасына бірнеше рет пышақ сұққан: күдікті Кореядан экстрадицияланды
Жаңалықтар
0