Қайрат Нұртастың ісі сотқа жолданды

Sputnik
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көліктегі полиция департаменті "Алматы-Астана" бағытындағы ұшақ бортында төбелестің болғанын растады. Нұртас Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылып отыр.
"Алматы-Астана" бағытындағы әуе рейсінің бортындағы ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар қарау үшін сотқа жолданды", - дейді полицейлер.
Айта кетері, ұсақ бұзақылық үшін 73 840 теңгенің айыппұлы немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылады. Бірақ Қайрат Нұртас заңды бұзу әрекеті бір жылда екінші рет қайталанып отыр. Сәуір айында оны сахнада былапыт сөз айтқаны үшін жауапқа тартқан.
Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды