https://sputnik.kz/20240705/qayrat-nurtas-ushaqta-tobelesti-45487770.html
Қайрат Нұртастың ісі сотқа жолданды
Қайрат Нұртастың ісі сотқа жолданды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 05.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-05T10:25+0500
2024-07-05T10:25+0500
2024-07-05T11:34+0500
қайрат нұртас
төбелес
https://sputnik.kz/img/1005/59/10055911_49:0:2453:1352_1920x0_80_0_0_5dd21f663f1423aa653e0eb788e182cb.jpg
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Көліктегі полиция департаменті "Алматы-Астана" бағытындағы ұшақ бортында төбелестің болғанын растады. Нұртас Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылып отыр.Айта кетері, ұсақ бұзақылық үшін 73 840 теңгенің айыппұлы немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылады. Бірақ Қайрат Нұртас заңды бұзу әрекеті бір жылда екінші рет қайталанып отыр. Сәуір айында оны сахнада былапыт сөз айтқаны үшін жауапқа тартқан.
https://sputnik.kz/20240628/tursynbek-qabatov-qamauga-alyndy-45289180.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1005/59/10055911_349:0:2152:1352_1920x0_80_0_0_0c05dca18e63a2fea96ba27da4123f89.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қайрат нұртас, төбелес
Қайрат Нұртастың ісі сотқа жолданды
10:25 05.07.2024 (жаңартылды: 11:34 05.07.2024) АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көліктегі полиция департаменті "Алматы-Астана" бағытындағы ұшақ бортында төбелестің болғанын растады. Нұртас Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылып отыр.
"Алматы-Астана" бағытындағы әуе рейсінің бортындағы ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар қарау үшін сотқа жолданды", - дейді полицейлер.
Айта кетері, ұсақ бұзақылық үшін 73 840 теңгенің айыппұлы немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылады. Бірақ Қайрат Нұртас заңды бұзу әрекеті бір жылда екінші рет қайталанып отыр. Сәуір айында оны сахнада былапыт сөз айтқаны үшін жауапқа тартқан.