https://sputnik.kz/20240628/tursynbek-qabatov-qamauga-alyndy-45289180.html
Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды
Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Ол ұшақ бортында мас күйде әдепсіз сөздер айтып, жанжал шығарған 28.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-28T15:40+0500
2024-06-28T15:40+0500
2024-06-28T15:58+0500
тұрсынбек қабатов
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/04/18579166_0:230:2823:1817_1920x0_80_0_0_9bf78c293b59f80de11f0f7c6dc8a769.jpg
АЛМАТЫ, 28 маусым – Sputnik. Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов 5 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әкімшілік іс қозғалып, 5 күнге қамауға алынған азаматтың Тұрсынбек Қабатов екенін Жоғарғы сот растады. Ол ұшақ бортында мас күйде әдепсіздік жасаған.Тұрсынбек Қабатовқа қатысты істі Астана қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.Жанжалға аға стюардесса куә болған. Оның айтуынша, құқық бұзушы ұшақ бортында мас күйінде болған және әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.Пародистің кінәсі дәлелденді."Айыпталушы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол әкімшілік жазаға тартылды - 5 тәулікке қамауға алынды", - дейді Жоғарғы сот.Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/04/18579166_46:0:2775:2047_1920x0_80_0_0_bd07d5f9af9c92d2371221ac0af48274.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрсынбек қабатов
Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды
15:40 28.06.2024 (жаңартылды: 15:58 28.06.2024) Ол ұшақ бортында мас күйде әдепсіз сөздер айтып, жанжал шығарған
АЛМАТЫ, 28 маусым – Sputnik. Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов 5 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімшілік іс қозғалып, 5 күнге қамауға алынған азаматтың Тұрсынбек Қабатов екенін Жоғарғы сот растады. Ол ұшақ бортында мас күйде әдепсіздік жасаған.
Тұрсынбек Қабатовқа қатысты істі Астана қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
"Айыпталушы ұшақ бортында әдепсіз сөздер айтқан. Ол стюардессалардың қызметіне көңілі толмай, оларға өз ескертуін білдірген. Әзілкеш өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған", - деп жазды ведомство.
Жанжалға аға стюардесса куә болған. Оның айтуынша, құқық бұзушы ұшақ бортында мас күйінде болған және әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.
Пародистің кінәсі дәлелденді.
"Айыпталушы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол әкімшілік жазаға тартылды - 5 тәулікке қамауға алынды", - дейді Жоғарғы сот.
Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.