Тоқаев Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды

Sputnik
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды.
Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.
Екі елдің басшылары алдымен бір-біріне өз делегацияларын таныстырды. Ал құрметті қарауыл сап түзегеннен кейін Қазақстан мен Қытайдың әнұрандары шырқалды.
Қытай басшысы Астанаға кеше келген. Тоқаев оны әуежайдан қарсы алды.
ҚХР төрағасының мемлекеттік сапары аясында Астанада Қазақстан-Қытай форумы ұйымдастырылды.
Тоқаев өз әріптесін кешкі асқа да шақырды. Си Цзиньпин Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.