Астанада Қазақстан-Қытай форумы өтті

© Photo : Пресс-служба министерства культуры и информации Казахстана Казахстанско-китайский форум "Новая глава добрососедских связей" состоялся в Астане
Казахстанско-китайский форум Новая глава добрососедских связей состоялся в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Жазылу
Қазақстан мен Қытай білім, ғылым және туризм саласындағы жаңа бірлескен жобаларды да жүзеге асырады
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті қарсаңында Қазақстан мен Қытайдың мәдени ынтымақтастығын нығайту бойынша "Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі" форумы өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қатысушыларды мемлекет басшысының атынан Қазақстан мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады.
"Бұл іс-шара Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында ұйымдастырылып отыр. Мұның символдық мәні бар. Қазір қазақ-қытай қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Біздің жан-жақты стратегиялық серіктестігіміз жыл өткен сайын нығайып келеді. Бұған мәдени-гуманитарлық байланыстардың да ықпалы зор. Шын мәнінде, мәдениет пен өнер - елдер мен өркениеттерді жалғап тұрған алтын көпір" , — делінген құттықтау хатында.
Президент сонымен қатар ШЫҰ саммиті аясында екі елдің мәдени орталықтары жұмысын бастайтынын атап өтті. Бұл өзара ынтымақтастыққа жаңа серпін береді. Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытай білім, ғылым және туризм саласындағы жаңа бірлескен жобаларды да жүзеге асырады.
Кездесу барысында тараптар мәдениет, туризм, сондай-ақ ғылым-білім саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Форум аясында ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды.
Қытай Медиа корпорациясының ғылыми-зерттеу институты мен Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Қытай Медиакорпорациясының Еуразиялық Бюросы мен "Kazakh Tourism" ҰҚ АҚ арасында келісім жасалды.
Жаңалықтар
0