Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды

© АқордаТоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды
Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды.
© Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев пен Си Цзиньпин
Токаев и Си - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Тоқаев пен Си Цзиньпин
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті.
Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады. Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0