Астана ШЫҰ-2024

Тоқаев пен Си Цзиньпин Ақордадан ұшқыштардың өнерін тамашалады – видео

Sputnik
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай басшысы Си Цзиньпин Ақордадан қазақстандық ұшқыштарың өнеріп тамашалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР төрағасын Ақорданың кіреберісінен қарсы алды. Далада жаңбыр себелеп тұрған. Екі елдің басшысы қолшатыр ұстады. Бірақ Ақордаға бірден кірген жоқ. Есіктің алдында қалаға қарай бұрылып, ұшқыштардың өнерін тамашалады. Олар аспанда Қытай туындағы түстедің бояуын шашып өтті.
Қытай басшысы Астанаға кеше келген. Тоқаев оны әуежайдан қарсы алды. ҚХР төрағасының мемлекеттік сапары аясында Астанада Қазақстан-Қытай форумы ұйымдастырылды. Тоқаев өз әріптесін кешкі асқа да шақырды.
Си Цзиньпин Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.