Астана ШЫҰ-2024

Астанаға Тәжікстан президенті келді

Эмомали Рахмон 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады
Sputnik
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Рахмонды Астана әуежайында премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды. Тәжістан президенті 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
Айта кетері, Тәжікстан – Шанхай ынтымақтастық ұйымының негізін қалаған мемлекеттердің бірі. Соңғы 5 жылда Қазақстанмен тауар айналымы 48,2%-ға ұлғайып, $1,1 млрд-қа жетті.
3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Оған дүниежүзі халқының жартысына жуығы тұратын мемлекеттердің басшылары қатысады. Бұдан бөлек, ондаған халықаралық ұйымның өкілдері, БҰҰ бас хатшысы сөз сөйлейді.
Sputnik Қазақстан ШЫҰ бастамасымен қабылданған маңызды шешімдерді шолып шықты.
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ: ұйымның бастамасымен қандай маңызды шешімдер қабылданды