Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Астанаға Тәжікстан президенті келді

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаЭмомали Рахмон Астанаға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді
Эмомали Рахмон Астанаға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Жазылу
Эмомали Рахмон 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Рахмонды Астана әуежайында премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды. Тәжістан президенті 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
Айта кетері, Тәжікстан – Шанхай ынтымақтастық ұйымының негізін қалаған мемлекеттердің бірі. Соңғы 5 жылда Қазақстанмен тауар айналымы 48,2%-ға ұлғайып, $1,1 млрд-қа жетті.
3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Оған дүниежүзі халқының жартысына жуығы тұратын мемлекеттердің басшылары қатысады. Бұдан бөлек, ондаған халықаралық ұйымның өкілдері, БҰҰ бас хатшысы сөз сөйлейді.
Sputnik Қазақстан ШЫҰ бастамасымен қабылданған маңызды шешімдерді шолып шықты.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің кездесуі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ: ұйымның бастамасымен қандай маңызды шешімдер қабылданды
Жаңалықтар
0