Астана ШЫҰ-2024

ШЫҰ саммиті қарсаңында ұйымға мүше мемлекеттер ұлттық үйлестірушілерінің отырысы өтті

Sputnik
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы өтті.
Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ Саммитінің қорытынды құжаттарын қарастырып, көпсалалы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығымен өтетін іс-шараларды дайындау мәселелерін талқылады.
Қазақстанның ШЫҰ мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев Қазақстанның ұйымға төрағалығы өткен кезеңде өңірдегі өзара тиімді, сенімді және көп қырлы өзара іс-қимылды дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтіп, кезекті Астана саммитінің сәтті өтетініне сенім білдірді.
2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуін өткізумен Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалығын аяқтайды. Тараптардың бірлескен күш-жігерімен Қазақстанның төрағалығымен ШЫҰ ынтымақтастығының барлық спектрі бойынша 150-ден астам іс-шара өткізілді.
Ұлттық үйлестірушілер кеңесі ұйымның қызметін үйлестіреді және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті министрліктері мен ведомстволарының өзара іс-әрекетін жүзеге асырады.
Астана ШЫҰ-2024
Дүниежүзі халқының жартысы көз тігеді: Астанада ШЫҰ саммитіне дайындық қалай жүргізілді