Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

ШЫҰ саммиті қарсаңында ұйымға мүше мемлекеттер ұлттық үйлестірушілерінің отырысы өтті

© Сыртқы істер министрлігіАстанадағы ШЫҰ Саммиті қарсаңында Ұйымға мүше мемлекеттері ұлттық үйлестірушілерінің отырысы өтті
Астанадағы ШЫҰ Саммиті қарсаңында Ұйымға мүше мемлекеттері ұлттық үйлестірушілерінің отырысы өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы өтті.
Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ Саммитінің қорытынды құжаттарын қарастырып, көпсалалы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығымен өтетін іс-шараларды дайындау мәселелерін талқылады.
Қазақстанның ШЫҰ мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев Қазақстанның ұйымға төрағалығы өткен кезеңде өңірдегі өзара тиімді, сенімді және көп қырлы өзара іс-қимылды дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтіп, кезекті Астана саммитінің сәтті өтетініне сенім білдірді.
2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуін өткізумен Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалығын аяқтайды. Тараптардың бірлескен күш-жігерімен Қазақстанның төрағалығымен ШЫҰ ынтымақтастығының барлық спектрі бойынша 150-ден астам іс-шара өткізілді.
Ұлттық үйлестірушілер кеңесі ұйымның қызметін үйлестіреді және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті министрліктері мен ведомстволарының өзара іс-әрекетін жүзеге асырады.
Виды Астаны с высоты птичьего полета - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
Дүниежүзі халқының жартысы көз тігеді: Астанада ШЫҰ саммитіне дайындық қалай жүргізілді
Жаңалықтар
0