Дүниежүзі халқының жартысы көз тігеді: Астанада ШЫҰ саммитіне дайындық қалай жүргізілді
12:59 01.07.2024 (жаңартылды: 10:57 02.07.2024)
© Sputnik / Владислав ВодневВиды Астаны с высоты птичьего полета
© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. Астанада екі күннен кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Оған Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен көптеген ресми делегациялар келеді. Қазіргі кезде 16 елдің президенті мен үкімет басшысы саммитке қатысатынын растады. Бұдан бөлек, ондаған халықаралық ұйымның өкілдері, тіпті, БҰҰ Бас хатшысы да келуге ниетті. Sputnik Қазақстан тілшісі Астананы аралап, ШЫҰ саммитіне дайындық шараларын көріп қайтты.
Саммит жаңа форматта өтеді
Шанхай ынтымақтастық ұйымына 9 мемлекет кіреді. Астанадағы саммитте Беларусь та ұйым қатарына қабылданады деген жоспар бар. Сосын осы жолғы саммит жаңа форматта өтеді. Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы мен "ШЫҰ+" кездесуі ұйымдастырылады. Оған тағы алты мемлекет шақырылды. Осылайша, Астанаға дүниежүзі халқының жартысына жуығы тұратын мемлекеттердің басшылары келеді. Олардың ішінде Қытай, Иран, Үндістан, Ресей, Түркия, Қатар, БАӘ және тағы басқа елдер бар. Сол себепті қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
© Санат ИманғалиевШЫҰ саммитіне дайындық
ШЫҰ саммитіне дайындық
© Санат Иманғалиев
Қазіргі кезде Астананың айналасына бес блок-бекет орнатылды. Ол жерде тәртіп сақшылары кезекшілік атқарады. Басқа аймақтардан да қосымша күштер тартылады. Жалпы, 8 мыңға жуық полицей қоғамдық тәртіпті бақылайды.
© Санат Иманғалиев
1/2
© Санат Иманғалиев
© Санат Иманғалиев
2/2
© Санат Иманғалиев
1/2
© Санат Иманғалиев
2/2
© Санат Иманғалиев
Бұған дейін қаланы толығымен жауып тастайды деген қауесет тараған. Алайда ішкі істер министрлігі оны жоққа шығарды.
Астанаға емін-еркін кіріп шығуға болады. Бірақ саммит өтетін күндері кейбір жерлерде көлік пен адам қозғалысына шектеулер енгізіледі. Оған дейін жол жөндеушілер ресми делегациялар жүріп өтетін көшелерді толығымен жаңартып шығуға тиіс.
© Санат Иманғалиев
1/3
© Санат Иманғалиев
© Санат Иманғалиев
2/3
© Санат Иманғалиев
© Санат Иманғалиев
3/3
© Санат Иманғалиев
1/3
© Санат Иманғалиев
2/3
© Санат Иманғалиев
3/3
© Санат Иманғалиев
Сондай-ақ, әкімдік 2 шілдеден бастап мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда қызметкерлердің 70 процентін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруға кеңес берді. Ал 3-4 шілде күндері балабақшалар жұмыс істемейді. Осылайша, қала басшылығы көлік кептелісін азайтуды жоспарлап отыр.
Мәңгілік ел қалай өзгерді
Астанада ресми делегациялардың барлығы Мәңгілік ел даңғылымен өтеді. Былтыр ол жерде ауқымды құрылыс жұмыстары басталған. Тротуарларда кеспе тастар толығымен ауыстырылып, жолдың бойымен мыңдаған ағаш пен бұталар отырғызылды. Ал самиттің алдында шамдарды толығымен ауыстырып тастады. Қазір тротуарларда және жолдың бойында еуропалық үлгіде шамдар орнатылды. "Мәңгілік ел" аркасының жанынан өткенде құдды бір Парижде жүргендей боласың.
© Санат Иманғалиев
1/2
© Санат Иманғалиев
© Санат Иманғалиев
2/2
© Санат Иманғалиев
1/2
© Санат Иманғалиев
2/2
© Санат Иманғалиев
Алайда тура сол жерде қатты жаңбырдан кейін кәріз суы көтеріліп кететін құдық бар. Оны әлі жөндемеген сияқты. Жаңбыр жауса, "Париждің парфюмі" мүңкіп кетуі мүмкін. Ал саммит өтетін күндері ауа райы бұлтты болады деп күтілуде.
© Санат Иманғалиев
1/2
© Санат Иманғалиев
© Санат Иманғалиев
2/2
© Санат Иманғалиев
1/2
© Санат Иманғалиев
2/2
© Санат Иманғалиев
Мәңгілік елдің бойында автобус жолағы сызылды. Оны ШЫҰ саммитінен кейін 10 шілдеде іске қосады. Велосипед жолдары да жаңадан төселді. Бірақ 5 шілдеге дейін самокатпен жүруге тыйым салынды.
© Санат Иманғалиев
1/2
© Санат Иманғалиев
© Санат Иманғалиев
2/2
© Санат Иманғалиев
1/2
© Санат Иманғалиев
2/2
© Санат Иманғалиев
Тәуелсіздік сарайы жарқырап кетті
Астанадағы Тәуелсіздік сарайын да ШЫҰ-ға арнайы дайындаған сияқты. Былтыр осы ғимаратты толығымен бұзып тастады, қаңқасы ғана қалған. Күрделі жөндеу жұмыстары бір жылдай жүргізілді.
Дворец Независимости в Астане
© Sputnik / Алексей Бабушкин
/ Ғимараттың бұрынғы сұлбасы қалды. Бірақ кіреберіс арка үлкейтілген. Бұрын сырты өзара қиылысып тұратын темір құбырлармен қапталып тұрса, қазір аппақ таспалармен орап, қиылысқан жерлерін шегемен бекітіп қойғандай жасады. Түнде кіреберіс арка да, таспалар да түрлі түске боянып, жанып тұрады.
© Санат Иманғалиев
1/4
© Санат Иманғалиев
© Санат Иманғалиев
2/4
© Санат Иманғалиев
© Санат Иманғалиев
3/4
© Санат Иманғалиев
© Санат Иманғалиев
4/4
© Санат Иманғалиев
1/4
© Санат Иманғалиев
2/4
© Санат Иманғалиев
3/4
© Санат Иманғалиев
4/4
© Санат Иманғалиев
Жарқыраған сарайдың алдына саммитке келетін елдердің туы ілінген. Олар: Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзірбайжан, Катар, БАӘ, Түркия мен Түрікменстан. Ал Қазақстан осынау халықаралық маңызы бар шараға төрағалық етеді.
© Санат Иманғалиев
1/3
© Санат Иманғалиев
© Санат Иманғалиев
2/3
© Санат Иманғалиев
© Санат Иманғалиев
3/3
© Санат Иманғалиев
1/3
© Санат Иманғалиев
2/3
© Санат Иманғалиев
3/3
© Санат Иманғалиев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, биыл Қазақстанда халықаралық шаралар көп өтеді. Ал Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті кейінгі бірнеше жыл ішіндегі жоғары деңгейде өтетін аса маңызды халықаралық форумдардың бірі болып саналады.
"Мұндай ауқымды шараның өткізілуі еліміздің жаһандық аренадағы беделінің зор екенін көрсетеді. Еліміз биыл ШЫҰ-дан басқа тағы бес халықаралық құрылымға төрағалық етіп отыр. Бұл – қазақ дипломатиясының тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік", - дейді Тоқаев.