Астанада жоғалған бала табылды

Феликс атты қызметтік ит бірден ізге түсіп, бала жүрген жерге алып келген
Sputnik
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Елордада жоғалған бала "Феликс" атты полиция итінің көмегімен табылды, деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияға 8 жасар баланың тұрғын үйдің ауласынан жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
"Полиция жедел әрекет етіп, дереу іздеу шараларына кірісті. Кинологиялық қызмет орталығының қызметкері Азамат Оразқановтың Феликс атты қызметтік иті бірден ізге түсіп, бала жүрген жерге алып келген", - деп жазылған хабарламада.
Бала аман-есен табылып, үйіне оралды.
Феликс атты неміс овчаркасы күшік кезінен елорданың кинологиялық қызметіне тартылған. 2 жыл ішінде оның көмегімен жоғалған 20-ға жуық адам табылды.
Маңғыстау облысында жоғалған үш бала табылды