Астанада жоғалған бала табылды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2024
Жазылу
Феликс атты қызметтік ит бірден ізге түсіп, бала жүрген жерге алып келген
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Елордада жоғалған бала "Феликс" атты полиция итінің көмегімен табылды, деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияға 8 жасар баланың тұрғын үйдің ауласынан жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
"Полиция жедел әрекет етіп, дереу іздеу шараларына кірісті. Кинологиялық қызмет орталығының қызметкері Азамат Оразқановтың Феликс атты қызметтік иті бірден ізге түсіп, бала жүрген жерге алып келген", - деп жазылған хабарламада.
Бала аман-есен табылып, үйіне оралды.
Феликс атты неміс овчаркасы күшік кезінен елорданың кинологиялық қызметіне тартылған. 2 жыл ішінде оның көмегімен жоғалған 20-ға жуық адам табылды.
Девочка завязывает шнурки на ботинках - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2024
Маңғыстау облысында жоғалған үш бала табылды
Жаңалықтар
0