Маңғыстау облысында жоғалған үш бала табылды

© Photo : СС0 / congerdesignДевочка завязывает шнурки на ботинках
Девочка завязывает шнурки на ботинках - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2024
Жазылу
Балалар көшеге ойнауға шығып, үйге оралмаған
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысында 23 наурызда жоғалған үш бала табылды.
"Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, үйге оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Ұлдар 2012, 2014 және 2018 жылы туған", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 8 адамы және 3 техника жұмылдырылды.
24 наурыз сағат 03-40-та жоғалған балалар көрші үйдің аумағындағы шаруашылық құрылысынан табылды. Медициналық көмек қажет болмады.
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2023
Ақтаудағы концерт кезінде 200-ден астам бала жоғалды
Жаңалықтар
0