https://sputnik.kz/20230831/aqtaudagy-kontsert-kezinde-200-den-astam-bala-zhogaldy-38089211.html
Ақтаудағы концерт кезінде 200-ден астам бала жоғалды
Ақтаудағы концерт кезінде 200-ден астам бала жоғалды
Sputnik Қазақстан
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іс-шараға 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды 31.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-31T17:00+0500
2023-08-31T17:00+0500
2023-08-31T17:59+0500
концерт
https://sputnik.kz/img/929/32/9293280_0:113:1920:1193_1920x0_80_0_0_efd0196a6ee2b892af065e1972ee216a.jpg
АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Ақтаудағы ауқымды концерттен кейін полицейлерге жоғалған балалар туралы 200-ден астам хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Lada.kz порталы.Ірі мұнай компаниясының 60 жылдығына арналған концерт 30 тамызда кешкі уақытта болған."Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іс-шараға 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Балалардың жоғалғаны туралы өтініштердің жалпы саны 200-ден асады. Жас шамалары 3-15 жас аралығында. Абырой болғанда барлығы табылып, ата-анасына табысталды", - дейді Маңғыстау облысының полиция департаменті.Концертті көргісі келетіндердің көптігі соншалық, олардың кейбіреуі аялдаманың төбесіне шығып алған. Қазақстандық жұлдыздардың өнерін тамашалауға 60 мыңнан астам көрермен жиналған. Тіпті ұзын-сонар көлік кептелісі болған."Ақтауда мұндай кептелісті ешқашан көрген емеспін. Біз бір орында 40 минут қозғалмай тұрдық. Үйге бір жарым сағатта жеттік", - дейді Ақтау тұрғыны Саламат.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/929/32/9293280_1:0:1920:1439_1920x0_80_0_0_2cad4784bf7fa336a1d3475d44ae6872.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
концерт
Ақтаудағы концерт кезінде 200-ден астам бала жоғалды
17:00 31.08.2023 (жаңартылды: 17:59 31.08.2023) Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іс-шараға 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды
АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Ақтаудағы ауқымды концерттен кейін полицейлерге жоғалған балалар туралы 200-ден астам хабарлама келіп түсті, деп хабарлады
Lada.kz порталы.
Ірі мұнай компаниясының 60 жылдығына арналған концерт 30 тамызда кешкі уақытта болған.
"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іс-шараға 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Балалардың жоғалғаны туралы өтініштердің жалпы саны 200-ден асады. Жас шамалары 3-15 жас аралығында. Абырой болғанда барлығы табылып, ата-анасына табысталды", - дейді Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Концертті көргісі келетіндердің көптігі соншалық, олардың кейбіреуі аялдаманың төбесіне шығып алған. Қазақстандық жұлдыздардың өнерін тамашалауға 60 мыңнан астам көрермен жиналған. Тіпті ұзын-сонар көлік кептелісі болған.
"Ақтауда мұндай кептелісті ешқашан көрген емеспін. Біз бір орында 40 минут қозғалмай тұрдық. Үйге бір жарым сағатта жеттік", - дейді Ақтау тұрғыны Саламат.