Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

ХВҚ ресейлік активтерден түсетін кірісті пайдалануға қатысты Батысты ескертті

Еуроодаққа кіруге үміткер тоғыз елдің бесеуі ғана ресейлік активтерден түскен кіріске қатысты санкцияларға қосылғаны хабарланды
Sputnik
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Украинадағы халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясының басшысы Гэвин Грейдің айтуынша, Батыстың Ресейдің тыйым салынған активтерінен түскен қаражатты Киевке көмектесу үшін пайдалану туралы шешімі құқықтық базаның жоқтығынан халықаралық валюта жүйесінің жұмысына қауіп төндіруде, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз осы іске тартылған елдерді кез келген әрекеттің жеткілікті құқықтық негізге ие болуын және халықаралық валюта жүйесінің жұмысына нұқсан келтірмеуін қамтамасыз етуге шақырамыз", - деді ол журналистерге брифингте "Үлкен жетілік" (G7) елдерінің мұндай шешіміне түсініктеме бере отырып.
Бұған дейін "Үлкен жетілік" Украинаға 50 миллиард доллар несие беру туралы келісімге келген болатын, ол Батыста бұғатталған ресейлік активтерінің пайызынан өтеледі.
Дегенмен, күні кеше Еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель Еуроодаққа кіруге үміткер тоғыз елдің бесеуі ғана ЕО аумағында тыйым салынған ресейлік активтерден түскен кіріске қатысты санкцияларға қосылғанын мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Молдова мен Грузия Еуроодақтың Ресей активтеріне қатысты санкцияларына қосылмады
21 мамырда Еуроодақ кеңесі еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррелдің Еуроодақта иммобилизацияланған ресейлік активтерден депозитарийлер алған кірістің 90%-ін Киевке әскери көмек көрсету үшін, тағы 10%-і Украинаны қалпына келтіру бағдарламаларына бағыттау үшін ЕО бюджетіне жіберуді көздейтін ұсынысын мақұлдады. Алайда БАҚ ресейлік активтерден түсетін кірісті пайдалану мәселесі әлі түпкілікті шешілмегенін жазды.
Еске салсақ, Украинадағы қақтығыс басталғалы Еуроодақ пен G7 елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттады. Шамамен 200 миллиард еуро Еуроодақта, негізінен әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear есепшоттарында тұр. 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін Ресейдің активтерінен түсетін кіріс қандай мақсаттарға бөлінетініне алғашқы шолу жасалады.
Егер бұрын бұл қаражат Украинаны қалпына келтіруге жұмсалады деп айтылса, енді Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Еуроодақ кеңесіне Ресейдің бұғатталған активтерінен түсетін кірісті әскери мақсатқа бағыттауды ашық түрде ұсынды.
Ақпан айында Ресей сыртқы істер министрлігі Батыс елдерінің Украинаға көмектесу үшін бұғатталған активтерін жіберу әрекеттеріне қатаң жауап беруге уәде етті. Ведомстводағылар ЕО активтерін тәркілеу жоспарын экономикалық бандитизм деп атады және олардың халықаралық құқықты өрескел бұзатынын айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Боррель бұғатталған ресейлік активтерді тәркілеу механизмін жариялады