https://sputnik.kz/20240424/borrel-bugattalgan-reseylik-aktivterdi-tarkileu-mekhanizmin-zhariyalady-43867135.html
Боррель бұғатталған ресейлік активтерді тәркілеу механизмін жариялады
Боррель бұғатталған ресейлік активтерді тәркілеу механизмін жариялады
Sputnik Қазақстан
ЕО дипломатиясының басшысы ресейлік активтерден алынған кірісті реквизициялау арқылы онымен жұмыс істеу механизмі толықтай заңды екенін айтты 24.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-24T10:28+0500
2024-04-24T10:28+0500
2024-04-24T10:28+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/04/08/24076859_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_4bc6f3b9412336d0daf162a9f4decbac.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Еуроодақ басшылығы Еуропада бұғатталған ресейлік активтерден түскен пайда түріндегі үш миллиард еуроны тәркілеп, оны жыл сайын Киев режиміне беруге ниетті, деп хабарлады Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель.ЕО дипломатиясының басшысы ресейлік активтерден алынған кірісті реквизициялау арқылы онымен жұмыс істеу механизмі толықтай заңды екенін айтты. Олардан түскен табыс Ресейге тиесілі емес, өйткені олар "жеке меншік емес".Бұл жерде Боррель Ресейден тыйым салынған активтерді тәркілеу Батыс үшін бейтаныс дүние болғандықтан, ЕО оларды айналымға енгізуде инновациялар енгізуге мәжбүр екенін мойындады.Егер бұрын бұл қаражат Украинаны қалпына келтіруге жұмсалады деп айтылса, енді Боррель Еуроодақ кеңесіне Ресейдің бұғатталған активтерінен түсетін кірісті әскери мақсатқа бағыттауды ашық түрде ұсынды.Ақпан айында Ресей сыртқы істер министрлігі Батыс елдерінің Украинаға көмектесу үшін бұғатталған активтерін жіберу әрекеттеріне қатаң жауап беруге уәде етті. Ведомстводағылар ЕО активтерін тәркілеу жоспарын экономикалық бандитизм деп атады және олардың халықаралық құқықты өрескел бұзатынын айтты.Жақында Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко Мәскеудің Ресей Федерациясының бұғатталған активтеріне Киевтің пайдасына қолдануына қатысты дайын жауабы бар екенін және сенаторлар тиісті заң жобасын дереу қарауға дайын екенін мәлімдеді. Ол егер осы заң жобасы қабылданса, еуропалықтар реейліктерге қарағанда көбірек ұтылатынын алға тартты.
ресей
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/08/24076859_118:0:2847:2047_1920x0_80_0_0_46760dcea5f0a86d895a2d8edd7f6d66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, украина
Боррель бұғатталған ресейлік активтерді тәркілеу механизмін жариялады
ЕО дипломатиясының басшысы ресейлік активтерден алынған кірісті реквизициялау арқылы онымен жұмыс істеу механизмі толықтай заңды екенін айтты
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Еуроодақ басшылығы Еуропада бұғатталған ресейлік активтерден түскен пайда түріндегі үш миллиард еуроны тәркілеп, оны жыл сайын Киев режиміне беруге ниетті, деп хабарлады Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель.
"Біз бұл қаражатты бірнеше кезеңмен пайдалануды көздеп отырмыз. Бірінші кезең ақпанда жүзеге асырылды. Активтерден кіріс әкелетін орталық депозитарийлер үшін ережелер енгізілді. Оларды бөлу, анықтау және бөлек есептеу қажет", - деді ол Еуропарламенттің Страсбургтегі пленарлық отырысында.
ЕО дипломатиясының басшысы ресейлік активтерден алынған кірісті реквизициялау арқылы онымен жұмыс істеу механизмі толықтай заңды екенін айтты. Олардан түскен табыс Ресейге тиесілі емес, өйткені олар "жеке меншік емес".
Бұл жерде Боррель Ресейден тыйым салынған активтерді тәркілеу Батыс үшін бейтаныс дүние болғандықтан, ЕО оларды айналымға енгізуде инновациялар енгізуге мәжбүр екенін мойындады.
Егер бұрын бұл қаражат Украинаны қалпына келтіруге жұмсалады деп айтылса, енді Боррель Еуроодақ кеңесіне Ресейдің бұғатталған активтерінен түсетін кірісті әскери мақсатқа бағыттауды ашық түрде ұсынды.
Ақпан айында Ресей сыртқы істер министрлігі Батыс елдерінің Украинаға көмектесу үшін бұғатталған активтерін жіберу әрекеттеріне қатаң жауап беруге уәде етті. Ведомстводағылар ЕО активтерін тәркілеу жоспарын экономикалық бандитизм деп атады және олардың халықаралық құқықты өрескел бұзатынын айтты.
Жақында Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко Мәскеудің Ресей Федерациясының бұғатталған активтеріне Киевтің пайдасына қолдануына қатысты дайын жауабы бар екенін және сенаторлар тиісті заң жобасын дереу қарауға дайын екенін мәлімдеді. Ол егер осы заң жобасы қабылданса, еуропалықтар реейліктерге қарағанда көбірек ұтылатынын алға тартты.