Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Молдова мен Грузия Еуроодақтың Ресей активтеріне қатысты санкцияларына қосылмады

© Associated PressФлаг Евросоюза. Архивное фото
Флаг Евросоюза. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель Еуроодаққа кіруге үміткер тоғыз елдің бесеуі ғана ЕО аумағында тыйым салынған ресейлік активтерден түскен кіріске қатысты санкцияларға қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Бұл шешімге Солтүстік Македония, Черногория, Албания, Украина, Босния және Герцеговина, сондай-ақ Еуропалық экономикалық аймағы Еуропалық еркін сауда қауымдастығының (ЕЕСҚ) мүше елдері Исландия, Лихтенштейн және Норвегия қосылды. Олар өздерінің ұлттық саясатының ЕО-ның осы шешіміне сәйкестендіруге міндеттеме алды. Еуроодақ бұл міндеттемені назарға алады және оны құптайды", - делінген құжатта.
Бірақ бұл тізімде Сербия, Грузия, Түркия және Молдова сияқты үміткер елдер және Швейцария да жоқ.
Қазіргі уақытта Албания, Босния және Герцеговина, Солтүстік Македония, Сербия, Түркия, Черногория, Украина, Молдова және Грузия Еуроодаққа кіруге үміткер елдер болып отыр.
Боррелль кандидат елдер қауымдастыққа кірмес бұрын Еуроодақтың сыртқы саясатына сәйкес келуі керек деп бірнеше рет мәлімдеді. Бұл Брюссельдің санкциялық саясатына да қатысты. Өткен дүйсенбіде ол Сербия туралы сөз қозғай келе, Ресеймен берік қарым-қатынасты сақтағандар Еуроодақтың бөлігі бола алмайтынын баса айтты.
21 мамырда Еуроодақ кеңесі еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррелдің Еуроодақта иммобилизацияланған ресейлік активтерден депозитарийлер алған кірістің 90%-ін Киевке әскери көмек көрсету үшін, тағы 10%-і Украинаны қалпына келтіру бағдарламаларына бағыттау үшін ЕО бюджетіне жіберуді көздейтін ұсынысын мақұлдады. Алайда БАҚ ресейлік активтерден түсетін кірісті пайдалану мәселесі әлі түпкілікті шешілмегенін жазды.
Еске салсақ, Украинадағы қақтығыс басталғалы Еуроодақ пен G7 елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттады. Шамамен 200 миллиард еуро Еуроодақта, негізінен әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear есепшоттарында тұр. 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін Ресейдің активтерінен түсетін кіріс қандай мақсаттарға бөлінетініне алғашқы шолу жасалады.
Егер бұрын бұл қаражат Украинаны қалпына келтіруге жұмсалады деп айтылса, енді Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Еуроодақ кеңесіне Ресейдің бұғатталған активтерінен түсетін кірісті әскери мақсатқа бағыттауды ашық түрде ұсынды.
Ақпан айында Ресей сыртқы істер министрлігі Батыс елдерінің Украинаға көмектесу үшін бұғатталған активтерін жіберу әрекеттеріне қатаң жауап беруге уәде етті. Ведомстводағылар ЕО активтерін тәркілеу жоспарын экономикалық бандитизм деп атады және олардың халықаралық құқықты өрескел бұзатынын айтты.
Жаңалықтар
0