АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезінде Астана қаласында елорданың әуе кеңістігін күзету күшейтіледі, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Осыған байланысты 28 маусым мен 1 шілде аралығында Қарулы күштер авиациясының ұшу қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жаттығу ұшулары өткізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство Астана тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Саммитке Қазақстан төрағалық етеді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы 15 маусымда Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшыларымен құрылған халықаралық ұйым.
27 Маусым 2024, 15:23