Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

ШЫҰ саммиті: Астанада күзет күшейтіледі

© Photo : Пресс-служба министерства обороны КазахстанаИстребитель Су-27 сел на автомагистраль
Истребитель Су-27 сел на автомагистраль - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2024
Жазылу
Қорғаныс министрлігі Астана тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрады
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезінде Астана қаласында елорданың әуе кеңістігін күзету күшейтіледі, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Осыған байланысты 28 маусым мен 1 шілде аралығында Қарулы күштер авиациясының ұшу қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жаттығу ұшулары өткізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство Астана тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Саммитке Қазақстан төрағалық етеді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы 15 маусымда Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшыларымен құрылған халықаралық ұйым.
Астана ШЫҰ-2024
Астанада 1-5 шілде аралығында электросамокатпен жүруге тыйым салынады
Жаңалықтар
0