Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Астанада 1-5 шілде аралығында электросамокатпен жүруге тыйым салынады

© iStock.com / HJBCЭлектросамокаты в Париже
Электросамокаты в Париже  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2024
Жазылу
Тыйым 26 маусымнан бастап сол жағалауда, ал 1 шілдеден бастап бүкіл елордада енгізіледі
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Астанада 1 шілдеден 5 шілдеге дейін электросамокатпен жүруге тыйым салынады, деп хабарлады astanovka98.
Whoosh қолданушылары электросамокатпен жүруге шектеу қойылғаны туралы хабарлама алған.
Тыйым 26 маусымнан бастап сол жағалауда, ал 1 шілдеден бастап бүкіл елордада енгізіледі.
Бұл тыйым елордада өтетін ШЫҰ саммитіне байланысты енгізіліп отыр.
5 шілдеден бастап самокатқа қайта мінуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Саммитке Қазақстан төрағалық етеді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы 15 маусымда Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары құрған халықаралық ұйым.
Жаңалықтар
0