АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Грекияда орманды өртеді деген күдікке ілінген туристердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Бұл ақпарат жарияланғаннан кейін Қазақстанның консулы осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - делінген СІМ хабарламасында.
Министрлік қазақстандықтарға ешқандай талап қойылмағанын атап өтті.
Еске сала кетейік, "Катимерини" газеті қазақстандық туристер Грекияда өрт қойды деп жазған болатын.