Грекиядағы өртке Қазақстан азаматтарының қатысы жоқ – министрлік

© Sputnik / Марк Редькин / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Грекияда орманды өртеді деген күдікке ілінген туристердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Бұл ақпарат жарияланғаннан кейін Қазақстанның консулы осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - делінген СІМ хабарламасында.
Министрлік қазақстандықтарға ешқандай талап қойылмағанын атап өтті.
Еске сала кетейік, "Катимерини" газеті қазақстандық туристер Грекияда өрт қойды деп жазған болатын.
Ормандағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2024
Оқиға
Грекияда қазақстандықтар аралда өрт шығарды деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0