Оқиға

Грекияда қазақстандықтар аралда өрт шығарды деген күдікке ілінді

© AP Photo / Achilleas ChirasОрмандағы өрт
Ормандағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2024
Жазылу
Қазақстандықтар ұйымдастырған пиротехникалық шоудан орманда өрт басталған
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. Грекия билігі Гидра аралындағы өртке байланысты 13 адамды қамауға алды, деп хабарлады Грекияның өртке қарсы қызметі.

"Өртке қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 13 шетелдік азаматты ұстады. Ұсталғандар Пирей прокурорының алдында жауап береді", - деді өртке қарсы қызмет.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қазақстанның 17 азаматы "Персефона" яхтасын жалдаған. Гидра курорт аралының маңында су көлігін тоқтатқаннан кейін олар нағыз пиротехникалық шоу ұйымдастырған, деп жазды "Катимерини" газеті.
Отшашулар салдарынан жартасты аралдағы қарағайлы жалғыз шағын орман өртеніп кетті.
Жаңалықтар
0