АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Германияда жоғалып кеткен Қазақстан азаматының мәйіті табылды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды", - деп жазылған хабарламада.
Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр.
Полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды.
Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда жүр және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.
Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда жүр және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.