https://sputnik.kz/20240610/germaniyada-qazaqstandyq-sudya-iz-tussiz-zhogalyp-ketti--sim-malimdeme-zhasady-44877514.html
Германияда қазақстандық судья із-түссіз жоғалып кетті – СІМ мәлімдеме жасады
Германияда қазақстандық судья із-түссіз жоғалып кетті – СІМ мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Жергілікті полиция Германияда жоғалып кеткен судьяны табуға көмектесіп жатыр 10.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-10T16:26+0500
2024-06-10T16:26+0500
2024-06-10T16:26+0500
германия
судья
https://sputnik.kz/img/358/40/3584088_0:249:5761:3490_1920x0_80_0_0_f59144f3d995f8617bfa13713475b940.jpg
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Қазақстанның Германиядағы бас консулдығы Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кетуіне қатысты өтінішті ерекше бақылауға алды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.Ол қазақстандық дипломаттардың жергілікті полицияға дереу хабарласқанын, қазір жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті."Консул жоғалған азаматтың тұрғылықты мекен-жайына барып, туыстарымен кездесті. Полициямен сөйлесті, олар өте мұқият іздейтіндерін айтты. Соған қарамастан Берлиндегі Бас консулдығымыз бен елшілігіміз бұл мәселені ерекше бақылауға алу үшін Германия Сыртқы істер министрлігіне өтініш жолдады", - деп түсіндірді Смадияров брифингте.Оның айтуынша, сондай-ақ қыздың туыстарына виза алу мәселесі де неміс тарапымен бірлесе талқыланып жатыр.Бұған дейін әйелдің ағасы Қанат Сайлыбаев бұрынғы судьяның жоғалып кеткенін хабарлаған.Оның айтуынша, Айгүлге күйеуі Александр Донцов пен оның анасы ұзақ уақыт бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған.
германия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/358/40/3584088_388:0:5373:3739_1920x0_80_0_0_916eba5710e7cd50bdb5f12b9558c98b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
германия, судья
Германияда қазақстандық судья із-түссіз жоғалып кетті – СІМ мәлімдеме жасады
Жергілікті полиция Германияда жоғалып кеткен судьяны табуға көмектесіп жатыр
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Қазақстанның Германиядағы бас консулдығы Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кетуіне қатысты өтінішті ерекше бақылауға алды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
"2024 жылдың 5 маусымында біздің азаматтар 3 маусымда қызының жоғалып кетуіне қатысты Қазақстанның Франкфурт-на-Майнедегі бас консулдығына хабарласты. Бас консулдық бұл өтінішті ерекше бақылауға алды", - деді Смадияров.
Ол қазақстандық дипломаттардың жергілікті полицияға дереу хабарласқанын, қазір жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Консул жоғалған азаматтың тұрғылықты мекен-жайына барып, туыстарымен кездесті. Полициямен сөйлесті, олар өте мұқият іздейтіндерін айтты. Соған қарамастан Берлиндегі Бас консулдығымыз бен елшілігіміз бұл мәселені ерекше бақылауға алу үшін Германия Сыртқы істер министрлігіне өтініш жолдады", - деп түсіндірді Смадияров брифингте.
Оның айтуынша, сондай-ақ қыздың туыстарына виза алу мәселесі де неміс тарапымен бірлесе талқыланып жатыр.
Бұған дейін әйелдің ағасы Қанат Сайлыбаев бұрынғы судьяның жоғалып кеткенін хабарлаған.
Оның айтуынша, Айгүлге күйеуі Александр Донцов пен оның анасы ұзақ уақыт бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған.