Германияда жоғалып кеткен Қазақстан азаматының мәйіті табылды

© Birgit Reichert/dpa via APГерманиядағы жедел жәрдем және полиция. Архивтегі фото
Германиядағы жедел жәрдем және полиция. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Германияда жоғалып кеткен Қазақстан азаматының мәйіті табылды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды", - деп жазылған хабарламада.
Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр.
Полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды.

Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда жүр және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.
Здание министерства иностранных дел РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2024
Германияда қазақстандық судья із-түссіз жоғалып кетті – СІМ мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0