Электр станцияларындағы 10 энергоблок пен 55 қазандық жөнделеді

Бүгінгі таңда 3 энергоблокта, 24 қазандықта және 11 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Электр стансаларын жөндеу кестесіне сәйкес биыл 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
"Бүгінгі таңда 3 энергоблокта, 24 қазандықта және 11 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1 энергоблокты, 4 қазандықты, 7 турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды. Еліміздегі барлық жылу орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде", - деп жазылған хабарламада.
Биыл еліміздің электр стансаларын жөндеу жұмыстарына 326,7 млрд теңге мөлшеріндегі қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр.
Бұл ретте "МАЭК" ЖШС-нің 2-ЖЭО-ның №7 қазандығын жөндеу жұмыстары биыл 1 шілдеде басталады.
"Қармет" АҚ ЖЭО-2-де 25 маусымда №2 қазандықты жөндеу басталады.
Өскемен қаласындағы "Согра ЖЭО" ЖШС-де 20 маусымнан бастап №2 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін №1 турбинаның жөндеу жұмыстары басталады.
"МАЭК" ЖШС ЖЭО-дағы №2 энергоблок пен "Степногорск ЖЭО" ЖШС-нің №3 қазандығын жөндеу жұмыстары аяқталды.
Үкімет Екібастұз ЖЭО-ны жаңғыртуға 3,4 млрд теңге бөледі