https://sputnik.kz/20240605/ukimet-ekibastuz-zheo-ny-zhangyrtuga-34-mlrd-tenge-boledi-44785044.html
Үкімет Екібастұз ЖЭО-ны жаңғыртуға 3,4 млрд теңге бөледі
Үкімет Екібастұз ЖЭО-ны жаңғыртуға 3,4 млрд теңге бөледі
Sputnik Қазақстан
ЖЭО-дағы күлден гидравликалық тазартуға арналған тұндырылған су беру жүйесі 1986 жылы орнатылған 05.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-05T22:48+0500
2024-06-05T22:48+0500
2024-06-05T22:48+0500
жылу электр орталығы
екібастұз
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0f/37694338_0:896:2047:2047_1920x0_80_0_0_30c5f52aedb9134d375eea88a9c0f493.jpg
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Үкімет Екібастұз жылу электр орталығын (ЖЭО) одан әрі жаңғыртуға резервтен 3,4 млрд теңге бөледі. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.Сонымен Екібастұз ЖЭО-ның төрт (11-15) қазандық агрегатын (2,4 млрд) күрделі жөндеуге және сол жерде тұндырылған су магистралін (988 млн) салу үшін Павлодар облысының бюджетіне қаражат аударылады.Бектенов биыл наурыз айында Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуды жалғастыру қажеттігін айтқан болатын.Атап айтқанда, Екібастұз ЖЭО-да күлден гидравликалық тазартуға арналған тұндырылған су беру жүйесі 1986 жылы орнатылды. Оның құрамына кіретін құбырлар тозған, бұл тұтынушыларға жылу беруді шектеуі мүмкін. Осыған байланысты тұндырылған судың жаңа магистралін салу басым міндеттердің бірі болып отыр.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үкімет резервінен Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларының жылу көздерін жаңғыртуға 16 млрд теңге, Риддер жылу желілерін күрделі жөндеуге 2,4 млрд теңгеден астам және Көкшетау қазандықтарын жөндеуге 816 млн теңге бөлінген болатын.Жалпы, биыл Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Петропавл, Жезқазған, Ақтөбе, Степногорск, Рудный, Балқаш және басқа да қалаларда энергия блоктарын, қазандықтар мен турбиналарды жөндеу жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20240430/kentau-ridder-men-qyzylordadagy-zhylu-elektr-ortalyqtaryn-zhangyrtuga-16-mlrd-tenge-bolindi-43996102.html
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0f/37694338_0:704:2047:2239_1920x0_80_0_0_403c6c1009d3b682e2f18df38ac4264d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу электр орталығы, екібастұз
жылу электр орталығы, екібастұз
Үкімет Екібастұз ЖЭО-ны жаңғыртуға 3,4 млрд теңге бөледі
ЖЭО-дағы күлден гидравликалық тазартуға арналған тұндырылған су беру жүйесі 1986 жылы орнатылған
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Үкімет Екібастұз жылу электр орталығын (ЖЭО) одан әрі жаңғыртуға резервтен 3,4 млрд теңге бөледі. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Сонымен Екібастұз ЖЭО-ның төрт (11-15) қазандық агрегатын (2,4 млрд) күрделі жөндеуге және сол жерде тұндырылған су магистралін (988 млн) салу үшін Павлодар облысының бюджетіне қаражат аударылады.
"Бүгінде Екібастұз ЖЭО – қаланы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін бірден-бір нысан. Өткен жылы үкімет резервіндегі қаражат есебінен 5 су жылыту қазандығы мен жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылыту маусымы еш іркіліссіз өтті", - делінген үкіметтің хабарламасында.
Бектенов биыл наурыз айында Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуды жалғастыру қажеттігін айтқан болатын.
Атап айтқанда, Екібастұз ЖЭО-да күлден гидравликалық тазартуға арналған тұндырылған су беру жүйесі 1986 жылы орнатылды. Оның құрамына кіретін құбырлар тозған, бұл тұтынушыларға жылу беруді шектеуі мүмкін. Осыған байланысты тұндырылған судың жаңа магистралін салу басым міндеттердің бірі болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үкімет резервінен Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларының жылу көздерін жаңғыртуға 16 млрд теңге, Риддер жылу желілерін күрделі жөндеуге 2,4 млрд теңгеден астам және Көкшетау қазандықтарын жөндеуге 816 млн теңге бөлінген болатын.
Жалпы, биыл Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Петропавл, Жезқазған, Ақтөбе, Степногорск, Рудный, Балқаш және басқа да қалаларда энергия блоктарын, қазандықтар мен турбиналарды жөндеу жоспарланып отыр.