https://sputnik.kz/20240613/elektr-stantsiyalaryndagy-10-energoblok-pen-55-qazandyq-zhondeledi-44948539.html
Электр станцияларындағы 10 энергоблок пен 55 қазандық жөнделеді
Электр станцияларындағы 10 энергоблок пен 55 қазандық жөнделеді
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда 3 энергоблокта, 24 қазандықта және 11 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр 13.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-13T15:29+0500
2024-06-13T15:29+0500
2024-06-13T15:29+0500
электр желісі
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0d/44948374_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_12ce8ec1fdbdb0c2c880976f20108dd6.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Электр стансаларын жөндеу кестесіне сәйкес биыл 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған, деп хабарлады Энергетика министрлігі.Биыл еліміздің электр стансаларын жөндеу жұмыстарына 326,7 млрд теңге мөлшеріндегі қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр.Бұл ретте "МАЭК" ЖШС-нің 2-ЖЭО-ның №7 қазандығын жөндеу жұмыстары биыл 1 шілдеде басталады."Қармет" АҚ ЖЭО-2-де 25 маусымда №2 қазандықты жөндеу басталады.Өскемен қаласындағы "Согра ЖЭО" ЖШС-де 20 маусымнан бастап №2 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін №1 турбинаның жөндеу жұмыстары басталады."МАЭК" ЖШС ЖЭО-дағы №2 энергоблок пен "Степногорск ЖЭО" ЖШС-нің №3 қазандығын жөндеу жұмыстары аяқталды.
https://sputnik.kz/20240605/ukimet-ekibastuz-zheo-ny-zhangyrtuga-34-mlrd-tenge-boledi-44785044.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0d/44948374_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_a7c1ba6d297b5e29a80261460151adf5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр желісі
Электр станцияларындағы 10 энергоблок пен 55 қазандық жөнделеді
Бүгінгі таңда 3 энергоблокта, 24 қазандықта және 11 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Электр стансаларын жөндеу кестесіне сәйкес биыл 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
"Бүгінгі таңда 3 энергоблокта, 24 қазандықта және 11 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1 энергоблокты, 4 қазандықты, 7 турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды. Еліміздегі барлық жылу орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде", - деп жазылған хабарламада.
Биыл еліміздің электр стансаларын жөндеу жұмыстарына 326,7 млрд теңге мөлшеріндегі қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр.
Бұл ретте "МАЭК" ЖШС-нің 2-ЖЭО-ның №7 қазандығын жөндеу жұмыстары биыл 1 шілдеде басталады.
"Қармет" АҚ ЖЭО-2-де 25 маусымда №2 қазандықты жөндеу басталады.
Өскемен қаласындағы "Согра ЖЭО" ЖШС-де 20 маусымнан бастап №2 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін №1 турбинаның жөндеу жұмыстары басталады.
"МАЭК" ЖШС ЖЭО-дағы №2 энергоблок пен "Степногорск ЖЭО" ЖШС-нің №3 қазандығын жөндеу жұмыстары аяқталды.