РФ Бас прокуратурасы "Солтүстік ағынға" жасалған лаңкестікке қатысты сауалдар жолдады

Sputnik
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Ресей Бас прокуратурасы АҚШ, Германия, Франция және Кипрдің құзырлы органдарына Ресей Федерациясына қарсы жасалған лаңкестік әрекеттерге, оның ішінде "Солтүстік ағындағы" жарылыстарға байланысты қосымша сұраулар жолдады, деп хабарлайды РИА Новости құзырлы ведомствоның ресми өкілі Андрей Ивановқа сілтеме жасап.
"Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы АҚШ, Германия, Франция және Кипрдің құзыретті органдарына Ресей аумағында оның тұтастығы мен мүдделеріне қарсы жасалған лаңкестік әрекеттерге және халықаралық террористік акт - "Солтүстік ағын 1" және "Солтүстік ағын 2" газ құбырларына келтірілген нұқсанға қатысты сұраулар жолдады", - деді ол.
Ивановтың айтуынша, бар фактілерге қарамастан, "АҚШ, Кипр және Францияның құзырлы органдары осы лаңкестік әрекеттерді жасауда қаржыландыру және басқа да көмек көрсету жағдайларын зерттемеген", ал Германияның құзырлы органдары Ресеймен ынтымақтастық жөніндегі халықаралық міндеттемелерін "орындаудан жалтарып отыр".
"Солтүстік ағын" жарылысына қатысты ақиқат қандай
Аталған елдер лаңкестік жарылыстардың жолын кесу жөніндегі халықаралық конвенцияға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға қатысушылар болып табылады.
"Осыған байланысты ол мемлекеттер терроризмді және оны қаржыландыруды тергеп-тексеру шараларын қабылдауға, сондай-ақ мұндай заңсыз әрекеттерді тергеуге барынша көмек көрсетуге, соның ішінде іс жүргізуге қажетті дәлелдемелерді алуға жәрдемдесуге міндетті", - деді Иванов.
Ведомствоның хабарлауынша, қосымша сауалдарда осы мемлекеттердің құзыретті органдарының лаңкестік әрекеттерге және оларды қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау, заңсыз әрекеттердің фактілері бойынша тергеуді ұйымдастыру және кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдау қажеттілігіне аударылады.
Бұған дейін Пулицер сыйлығының иегері америкалық журналист Сеймур Херш АҚШ "Солтүстік ағын" газ құбырын жаруға Ресейдің Украинадағы әскери арнайы операциясы басталуынан бірнеше апта бұрын дайындала бастағанын мәлімдеген.
Substack онлайн платформасындағы тағы бір мақалада Херш бастапқыда мақсат Ресейді тежеу болуы мүмкін, бірақ 2022 жылдың қыркүйегіндегі диверсия Украинаны қолдау бойынша әлсіздік танытқан Германияға қарсы бағытталғанын көрсетеді деп жазды.
"2022 жылдың ақпанында Ресейдің Украинаға басып кіруінен бірнеше апта бұрын Балтық теңізіндегі құпия миссияға тағайындалған америкалықтар мақсат Ресей президенті Владимир Путинді елге басып кірмеуге көндіру деп есептеді. Газ құбырын жару бойынша жария қысымға қарамастан арнайы операция басталғаннан кейін Норвегиядағы америкалық командаға жұмысты жалғастырып, оны аяқтаудың жолын табуды бұйырды", - деп жазды Херш.
Ресейдің СІМ өкілі Газа, Солтүстік ағын және БҰҰ туралы айтты
Оның айтуынша, диверсия мамыр айының соңына межеленген, бірақ АҚШ президенті Джо Байден себебін түсіндірместен бұл операцияны кейінге шегерген.
Ол журналистік зерттеу жүргізіп, нәтижесінде Ресей газының Еуропаға негізгі экспорттық бағытына нұқсан келтірді деп АҚШ пен Норвегияны айыптады. Себебі, бұл екі мемлекет кейіннен Германияға жанармай жеткізуге миллиардтаған долларлық келісімшарт жасаған.
Америкалықтар диверсияға өздерінің қатысы барын жоққа шығарды.