https://sputnik.kz/20231212/reseydin-sim-okili-gaza-soltustik-agyn-zhane-buu-turaly-aytty-40938352.html
Ресейдің СІМ өкілі Газа, Солтүстік ағын және БҰҰ туралы айтты
Ресейдің СІМ өкілі Газа, Солтүстік ағын және БҰҰ туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова брифинг кезінде ел ішіндегі және халықаралық мәселелер бойынша... 12.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-12T19:30+0500
2023-12-12T19:30+0500
2023-12-15T11:30+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/06/16/25708132_0:0:909:512_1920x0_80_0_0_c0462fd42898f9150d78c34dda54df3e.png
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова брифинг кезінде ел ішіндегі және халықаралық мәселелер бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды РИА Новости.Захарова Біріккен Араб Әмірліктерінің Газаға қатысты қарар жобасына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде вето қою арқылы АҚШ ұйымның механизміне қарсы шықты деп мәлімдеді."БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Газаға қатысты қарар жобасына вето қою АҚШ пен америкалық көзқарасты қолдамайтын басқа елдерге жай ғана қарсылық емес, БҰҰ Қауіпсіздік саласындағы әріптестерінің пікірін елемеу ғана емес, бұл БҰҰ-да бекітілген механизмге АҚШ-тың қарсы шығуы", - деді СІМ өкілі.Еске салсақ, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 13 мүшесі Біріккен Араб Әмірліктері ұсынған Газа секторында атысты дереу тоқтату туралы қарарды қолдап дауыс берді. АҚШ қарсы болды. Ұлыбритания қалыс қалды.Сонымен қатар Захарова "Солтүстік ағын" газ құбырларындағы жарылысты тергеу бойынша мәселелер жайында да айтты."Даниядан желтоқсан айында Ресей Бас прокуратурасының "Солтүстік ағын-1" және "Солтүстік ағын-2" газ құбырларындағы жарылысты тергеуге құқықтық көмек көрсету туралы өтініш жолдадық. Бірақ осы елдің Бас прокуратурасын мұндай көмек көрсетуден бас тартты", - деді ол.Дипломат Мәскеу Копенгагеннің шешіміне таңғалмағанын айтты. Оның айтуынша, жарылысты тергеуде құқықтық көмек көрсетуден бас тарту "Дания билігінің кінәлілері туралы шындықты жасыруға қатысты көзқарасын растады"."Ресейлік тарап елдегі құзырлы органдардың, "Газпром" ЖАҚ, соның ішінде халықаралық құрылымдардың қатысуымен бұл оқиғаны тиімді, ашық және саясаттан тыс тергеуге ұмтылуды жалғастырады", - деп мәлімдеді Захарова.Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі 2024 жылы АҚШ-тың Ресейді Киевтің шарттары бойынша Украинамен келіссөз жүргізуге мәжбүрлейтіні туралы мәлімдемелер орынсыз екенін айтты.Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Джонатан Файнер АҚШ 2024 жылы Ресейдің Украинамен Киев шарттары бойынша келіссөз жүргізуіне кепілдік беруді көздеп отырғанын айтқан."Джонатан Файнер Киевтің шарттары бойынша Украинамен қандай келіссөз жүргізуді көздейтінін ешкім түсінбейді. Оның не туралы айтып жатқаны да түсініксіз", - деді Захарова.Ресей билігі Ресей Федерациясымен құқықтық көмек көрсету туралы келісімді күшін жою ниетін жариялаған Эстонияның әрекетін қадағалайды, деп хабарлады РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова."Біз тату емес мемлекеттерге, соның ішінде Эстонияға қарсы шаралар кешенін әзірлеуді ескере отырып, бұл жағдайды мұқият бақылауды жалғастырамыз", - деді Захарова брифингте.Сонымен қатар ол Чехияның ресейлік дипломаттарға шектеулер енгізу туралы ұсынысы жайында да пікір білдірді."Чехияның Еуроодақ елдеріне ресейлік дипломаттардың кіріп-шығуын шектеу туралы ұсыныс енгізуі өкінішті. Егер ол өтініш қабылданса, біздің тарапымыздан да жауап болады", - деді РФ СІМ ресми өкілі.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/16/25708132_88:0:785:523_1920x0_80_0_0_fce700024c3dafe2ae8143a08a96b389.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова брифинг кезінде ел ішіндегі және халықаралық мәселелер бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды РИА Новости.
Захарова Біріккен Араб Әмірліктерінің Газаға қатысты қарар жобасына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде вето қою арқылы АҚШ ұйымның механизміне қарсы шықты деп мәлімдеді.
"БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Газаға қатысты қарар жобасына вето қою АҚШ пен америкалық көзқарасты қолдамайтын басқа елдерге жай ғана қарсылық емес, БҰҰ Қауіпсіздік саласындағы әріптестерінің пікірін елемеу ғана емес, бұл БҰҰ-да бекітілген механизмге АҚШ-тың қарсы шығуы", - деді СІМ өкілі.
Еске салсақ, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 13 мүшесі Біріккен Араб Әмірліктері ұсынған Газа секторында атысты дереу тоқтату туралы қарарды қолдап дауыс берді. АҚШ қарсы болды. Ұлыбритания қалыс қалды.
Сонымен қатар Захарова "Солтүстік ағын" газ құбырларындағы жарылысты тергеу бойынша мәселелер жайында да айтты.
"Даниядан желтоқсан айында Ресей Бас прокуратурасының "Солтүстік ағын-1" және "Солтүстік ағын-2" газ құбырларындағы жарылысты тергеуге құқықтық көмек көрсету туралы өтініш жолдадық. Бірақ осы елдің Бас прокуратурасын мұндай көмек көрсетуден бас тартты", - деді ол.
Дипломат Мәскеу Копенгагеннің шешіміне таңғалмағанын айтты. Оның айтуынша, жарылысты тергеуде құқықтық көмек көрсетуден бас тарту "Дания билігінің кінәлілері туралы шындықты жасыруға қатысты көзқарасын растады".
"Ресейлік тарап елдегі құзырлы органдардың, "Газпром" ЖАҚ, соның ішінде халықаралық құрылымдардың қатысуымен бұл оқиғаны тиімді, ашық және саясаттан тыс тергеуге ұмтылуды жалғастырады", - деп мәлімдеді Захарова.
Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі 2024 жылы АҚШ-тың Ресейді Киевтің шарттары бойынша Украинамен келіссөз жүргізуге мәжбүрлейтіні туралы мәлімдемелер орынсыз екенін айтты.
Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Джонатан Файнер АҚШ 2024 жылы Ресейдің Украинамен Киев шарттары бойынша келіссөз жүргізуіне кепілдік беруді көздеп отырғанын айтқан.
"Джонатан Файнер Киевтің шарттары бойынша Украинамен қандай келіссөз жүргізуді көздейтінін ешкім түсінбейді. Оның не туралы айтып жатқаны да түсініксіз", - деді Захарова.
Ресей билігі Ресей Федерациясымен құқықтық көмек көрсету туралы келісімді күшін жою ниетін жариялаған Эстонияның әрекетін қадағалайды, деп хабарлады РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова.
"Біз тату емес мемлекеттерге, соның ішінде Эстонияға қарсы шаралар кешенін әзірлеуді ескере отырып, бұл жағдайды мұқият бақылауды жалғастырамыз", - деді Захарова брифингте.
Сонымен қатар ол Чехияның ресейлік дипломаттарға шектеулер енгізу туралы ұсынысы жайында да пікір білдірді.
"Чехияның Еуроодақ елдеріне ресейлік дипломаттардың кіріп-шығуын шектеу туралы ұсыныс енгізуі өкінішті. Егер ол өтініш қабылданса, біздің тарапымыздан да жауап болады", - деді РФ СІМ ресми өкілі.