"Солтүстік ағын" жарылысына қатысты ақиқат қандай

© Photo : ForsvarskommandoenМесто утечки на газопроводе "Северный поток-2" у берегов датского острова Борнхольм
Место утечки на газопроводе Северный поток-2 у берегов датского острова Борнхольм - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Жазылу
Осыдан тура бір жыл бұрын Балтық теңізінің түбінде "Солтүстік ағын" газ құбырлары жарылған болатын. Бір жылдың ішінде тергеу еуропалық маңызды инфрақұрылымдық нысанға шабуыл жасаған қылмыскерлердің тым болмағанда ізіне түсуі керек еді, деп жазды РИА Новости.
Дегенмен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров биылғы жылдың қорытындысын былай деп сипаттады: "Солтүстік ағындар туралы айтар болсақ, бұл ең маңызды фактілерді қалай жасырудың, кезекті өтірікті дайындап, кейінірек өздерінің геосаяси схемаларын соған негіздей алатынының тағы біп мысалы болды". Ол сондай-ақ шындықты жасыру және жалған ақпарат құрастыру әдістері қолданылып жатқан тағы басқа істерді де атады. Олардың қатарында Бучадағы бейбіт тұрғындарды өлтіру, Солсберидегі Скрипальдардың улануы, Навальный ісі, Тольятти – Одесса аммиак құбырының жарылуы бар.
Әдеттегідей мұндай жағдайларда батыстық БАҚ "бұл іс жұмбақ күйде қалып отыр" деген сипатта ақпарат таратады. Айқын себептердің болуына, АҚШ үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктерінің газ құбырларының тағдырына қатысты ашық мәлімдемелеріне, көптеген айғақтаушы деректерге, тіпті Пулитцер сыйлығының лауреаты Сеймур Херштің мұқият тергеуіне қарамастан, бұл істер құпия, түсініксіз жағдай ретінде сипатталады. Басында Батыс Херштің тұжырымдарын елемеуге тырысты. Бірақ бұл мәлімдемелер бірқатар жағдайды әшкере етуі мүмкін екенін түсініп, олар АҚШ-қа қарсы айыптаулардан Украинаға, анығында мемлекетке еш қатысы жоқ "белсенді украиншылдарды" айыптауға шешім қабылдады.
"Оның үстіне, Херштің тергеуін қаралаудың негізгі тактикасы ретінде батыстық пікір білдірушілер кейбір мәліметтерден ілік іздеуді қолданды. Мысалы, НАТО басшысы Йенс Столтенбергтің өмірбаяны. Анығында Херш олл дерекке толық тоқталмастан, үстірт атап өткенін ескеру керек. Бірақ "белсенді украиншылдар" туралы мақала авторларына мұндай сұрақтар қойылмады", - деп жазылған мақалада.
Мысалы, телефон арқылы хат алмасуы мен сөйлесу деректерін әшкере ететін әдістер осы жолы қолданылмады. Есесіне, ол құралдар Ресейге қарсы айыптауларға қатысты кеңінен пайдаланылады. Бірақ Еуропа немесе Украинада бұл әдіс-тәсілдер мүлде жұмыс істемейді.
Сол сияқты Андромеда яхтасымен "Солтүстік ағын" газ құбырларына жақын келген украиналық әуесқой-диверсанттар туралы ең алғашқы болып Германияның мемлекеттік телеарналары және Die Zeit газеті хабарлады. Бұл нұсқаны кейіннен батыстық жүздеген БАҚ қайталады. Неміс журналистері диверсиялық топтағы рөлдер сияқты ұсақ-түйектің бәрін білетіні ешкімді таңғалдырмады. Олар газ құбырын зақымдағандар ішшінде капитан, екі сүңгуір, екі көмекші және дәрігер болғанын да хабарлаған еді. Жалпы мұндай мәліметтерді тек осы іске қатысушылары ғана білуі керек екені қисынды немесе "сенсация" авторлары мұның бәрін ойдан шығарғанын мойындау керек.
Дегенмен, тергеу барысына үңілсек, дәл осы нұсқа негізгі болып қарастырылып жатыр. Алайда теңіз түбіндегі мұндай күрделі жұмысты әуесқойлар орындауы мүмкін екенін қарастырып жатқан тергеушілер бұған мемлекеттің де қатысы бар екенін барын мойындауға мәжбүр. Херштің тұжырымдарынан назарды басқа бағытқа аудару үшін Батыс тіпті Нидерланд барлау қызметтері Орталық барлау қызметіне терактілерден бірнеше ай бұрын Украинаның мұндай жоспары туралы ескерткен деген қауесет таратты. Алайда мұндай жағдайда ақылға қонымды бір сұрақ туындайды: егер АҚШ-та да, Еуропада да барлығы алдағы диверсия туралы жақсы білген болса, алдын алуға не кедергі болды?
Ал енді тергеушілер бұл істі биылғы жылдың соңына дейін аяқтаймыз деп хабарлады. Швеция прокуроры Матс Люнгквисттің бұл сөзін Батыстың көптеген БАҚ өкілдері таратты. Бірақ олар жыл соңына дейін біреуге айып тағу немесе тергеуді аяқтау көзделіп отырғанын нақтылаған жоқ.
РИА Новости жазғандай, жарылыстардың бір жылдығына орай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шақырған Ресей бұл әрекеттерге белсенді түрде қарсылық танытады. Балтық теңізінде диверсияны кім ұйымдастырғаны және кім жүргізгеніне қатысты Ресейде ешқашан күмән болған емес.
Жаңалықтар
0