Павлодарлық өнерпаз ым-ишарамен ән айтудан 1-орын алды

Sputnik
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Семей қаласында алғаш рет "Әнші қолдар әлемі" атты ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар арасындағы Х республикалық ым-ишара ән байқауы өтті, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы талантты өнерпаздардың шығармашылығына қолдау білдіру.
КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған шараға қатысуға Қазақстанның 18 өңірінен 18 жастан 35 жасқа дейінгі 39 қатысушы өтінім берді.
Аталған конкурста №1 балабақша-мектеп-интернатының арнайы кешенінің педагог-ұйымдастырушысы Айсана Қажыкенова бірінші дәрежелі лауреат атанып, көрермендердің көзайымына айналды.
"Айсана – ым-ишарамен және мәнерлі мимика арқылы әннің тереңдігі мен сұлулығын жеткізе білген талантты орындаушы. Оның конкурсқа қатысуы – өнердің тіпті сөздерді қолданбай-ақ тартымды және қолжетімді екендігінің жарқын мысалы", – дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Хасанова.
Сондай-ақ Айсана Қажыкенова мектеп-интернатта өскелең ұрпаққа ымдау тілінде ән айту шеберлігінен сабақ береді.
Ақтөбелік оқушылардың өнертабысы халықаралық байқауда жүлдеге ие болды