Ақтөбелік оқушылардың өнертабысы халықаралық байқауда жүлдеге ие болды

© Photo : pixabay.comИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Ақтөбелік оқушылар есту қабілеті нашар жандарға арналған мессенджер ойлап тапты, деп хабарлады Хабар 24.
Ұялы телефон қосымшасы ым-ишаратты аударуға бейімделген. Бейнебайланыс жүйесі кез келген сурдоаударманы таңдаған тілде жазып береді. Бұл әлемнің түкпір-түкпірімен тілдесуге мүмкіндік туғызады.
Жас өнертапқыштар "бұған дейінгі қолданыстағы бағдарламалар тек жекелеген әріптерді аудара алды" дейді. Бұл жолы оқушылар тұтас ишарат пен белгілерді зерделеп, қажетті тілге аударатындай етіп жасаған.
Жас прогромисттердің жобасы халықаралық және республикалық байқауларда жүлдеге ие болды. Ұялы қосымшаның мүмкіндігін арттыру үшін бағдарлама авторлары әлемге таралған ишарат түрлерін де үйреніп жүр.
"Бұл қосымшаның көмегімен біз есту қабілеті нашар жандардың өзге ел тұрғындарымен байланысын орнатқымыз келді. Қазір жер бетіндегі адамдардың 5 процентінің құлағы естімейді. Сонымен қатар 300-ден астам ишарат тілі бар. Мәселен Қазақстан тұрғыны Америка азаматын түсінбейді. Кей кезде тіпті Қазақстанның оңтүстігі мен батысында тұратын адамдар бір-бірін түсінбей қалып жатады. Біздің қосымша осы мәселені шеше алады", - дейді Раушан Тәжімова.
Жаңалықтар
0