https://sputnik.kz/20240526/pavlodarlyq-onerpaz-ym-isharamen-an-aytudan-1-oryn-aldy-44564077.html
Павлодарлық өнерпаз ым-ишарамен ән айтудан 1-орын алды
Павлодарлық өнерпаз ым-ишарамен ән айтудан 1-орын алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Семей қаласында алғаш рет "Әнші қолдар әлемі" атты ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар арасындағы Х республикалық ым-ишара ән... 26.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-26T17:14+0500
2024-05-26T17:14+0500
2024-05-26T17:14+0500
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/old/1241/54/12415431_0:270:5184:3186_1920x0_80_0_0_e4ac9cb3b88744787cc14bf1f6d0e244.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Семей қаласында алғаш рет "Әнші қолдар әлемі" атты ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар арасындағы Х республикалық ым-ишара ән байқауы өтті, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы талантты өнерпаздардың шығармашылығына қолдау білдіру.КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған шараға қатысуға Қазақстанның 18 өңірінен 18 жастан 35 жасқа дейінгі 39 қатысушы өтінім берді.Аталған конкурста №1 балабақша-мектеп-интернатының арнайы кешенінің педагог-ұйымдастырушысы Айсана Қажыкенова бірінші дәрежелі лауреат атанып, көрермендердің көзайымына айналды."Айсана – ым-ишарамен және мәнерлі мимика арқылы әннің тереңдігі мен сұлулығын жеткізе білген талантты орындаушы. Оның конкурсқа қатысуы – өнердің тіпті сөздерді қолданбай-ақ тартымды және қолжетімді екендігінің жарқын мысалы", – дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Хасанова.Сондай-ақ Айсана Қажыкенова мектеп-интернатта өскелең ұрпаққа ымдау тілінде ән айту шеберлігінен сабақ береді.
https://sputnik.kz/20230327/aqtobelik-oqushylardyn-onertabysy-khalyqaralyq-bayqauda-zhuldege-ie-boldy-33273514.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1241/54/12415431_288:0:4896:3456_1920x0_80_0_0_15d88a9360025d531baa787053c80abf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы
Павлодарлық өнерпаз ым-ишарамен ән айтудан 1-орын алды
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Семей қаласында алғаш рет "Әнші қолдар әлемі" атты ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар арасындағы Х республикалық ым-ишара ән байқауы өтті, деп хабарлады
Pavlodarnews.kz.
Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы талантты өнерпаздардың шығармашылығына қолдау білдіру.
КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған шараға қатысуға Қазақстанның 18 өңірінен 18 жастан 35 жасқа дейінгі 39 қатысушы өтінім берді.
Аталған конкурста №1 балабақша-мектеп-интернатының арнайы кешенінің педагог-ұйымдастырушысы Айсана Қажыкенова бірінші дәрежелі лауреат атанып, көрермендердің көзайымына айналды.
"Айсана – ым-ишарамен және мәнерлі мимика арқылы әннің тереңдігі мен сұлулығын жеткізе білген талантты орындаушы. Оның конкурсқа қатысуы – өнердің тіпті сөздерді қолданбай-ақ тартымды және қолжетімді екендігінің жарқын мысалы", – дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Хасанова.
Сондай-ақ Айсана Қажыкенова мектеп-интернатта өскелең ұрпаққа ымдау тілінде ән айту шеберлігінен сабақ береді.